Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс электр энергиясын өндірілетін көлемнен 4 есе көп тұтынады. Өңірде 2 жел электр станциясы бар. Жуырда тағы 2 баламалы энергия көзі пайдалануға берілді: Арқалық қаласындағы жел электр станциясы және Б. Майлин ауданындағы облыстағы алғашқы күн электр станциясы.
Сондай-ақ Б. Майлин ауданында газ-поршеньді электр станциясының құрылысы жалғасуда, Қостанай ауданында 2 жел электр станциясы салынуда. Бұдан бөлек, Рудный қаласында жел электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойылды, жалпы қуаты – 1 ГВт.
«Аталған нысандарды пайдалануға беру облыста электр энергиясын өндіру көлемін 10 есе арттырады. 2027 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 1 ГВт 333 МВт болады», – деді өңір басшысы.
Сонымен қатар облыс әкімі автожол саласына да тоқталды. Биыл бұл салаға бөлінген қаржы 103 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты. Ағымдағы жылы 1 300 шақырым автожол жөнделді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,6 есе көп. Сонымен бірге 103 елді мекенде 400-ден астам көше жөнделді.