27.01.2026 _ 11:47

2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1,5 мыңнан астам тексеру жүргізді

2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар 1 577 тексеру жүргізді, оның 535 – жоспардан тыс, 638 – профилактикалық бақылау аясында, 404 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 770 ұйғарым берілді, 96,6 млн теңгеден астам сомаға 414 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мемлекеттік бақылаумен қамтылғандар: мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 305, денсаулық сақтау нысандары – 183, білім беру – 242, әлеуметтік қорғау – 432, мәдениет – 64, спорт – 56, көлік инфрақұрылымы – 44, қоғамдық тамақтану – 27, сауда – 95, қаржы қызметін көрсету – 25 және басқа да нысандар – 104.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тексерулер саны өңірлер бөлінісінде:

  • Астана қаласы – 97;
  • Алматы қаласы – 111;
  • Шымкент қаласы – 68;
  • Абай облысы – 44;
  • Ақмола облысы – 42;
  • Ақтөбе облысы – 36;
  • Алматы облысы – 100;
  • Атырау облысы – 72;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 53;
  • Жамбыл облысы – 49;
  • Жетісу облысы – 60;
  • Батыс Қазақстан облысы – 101;
  • Қарағанды облысы – 75;
  • Қостанай облысы – 85;
  • Қызылорда облысы – 133;
  • Маңғыстау облысы – 88;
  • Павлодар облысы – 148;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 60;
  • Түркістан облысы – 113;
  • Ұлытау облысы – 42.

Бұл ретте инспекторлар барлық өңірде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде оң өзгерістер бар екенін атап өтуде. Мұны мүгедектігі бар жандар да растайды.

«Қалада денсаулық сақтау және спорт мекемелерінде кедергісіз орта белсенді түрде құрылуда. Медициналық ұйымдар өздігінен жүріп тұруы қиын азаматтар үшін бейімделген: арнайы автотұрақтардан бастап қолжетімді санитариялық тораптар мен көру қабілеті нашар жандарға арналған навигацияға дейін қарастырылған. Осындай жұмыстар спорт нысандарында да жүргізілді, онда мүгедектігі бар адамдардың спортпен шұғылдануына толық қолжетімділік қамтамасыз етілген», – деді Павлодар қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Юлия Петрусева.