Оның айтуынша, өңірлердегі, әсіресе, еңбек үзілісі бар әйелдер үшін бастапқы мүмкіндіктерді теңестіру – хабтың негізгі мақсаттарының бірі.
«Астана Хаб» негізгі бағдарламалары әйелдерге де, ерлерге де ашық. Ал, AqylTech және IT-Aiel жобалары – қыз-келіншектердің технология саласындағы үлесін арттырудың қосымша шаралары. Осы тұрғыдан мұндай жобаларды әйелдер мен жастарға арналған нақты әлеуметтік саты ретінде де қарастыруға болады. Себебі осындай қысқа оқу бағдарламасынан жаңа мамандыққа, тұрақты табысқа және стартап ашуға жолдар ашылады», – деді спикер.
Соңғы 3 жылда осы жобалар белсенді дамып келеді. Олар әлеуметтік тұрғыдан маңыздылығын дәлелдеді. Енді әйелдерге стартап мәдениетін игеруге жағдай жасалмақ. Түрлі байқау ұйымдастырылып, бірнеше бағыт бойынша білім алуға мүмкіндік беріледі.