08.03.2026 _ 08:03

Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Құрметті арулар!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Сіздер отбасы құндылықтарын ұлықтап, қоғамның дамуына, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер.

Бүгінде қазақстандық әйелдер ғылым мен технологиядан бастап, бизнес, өнеркәсіп және мәдениет салаларына дейін түрлі бағытта табысты еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетуде. Сіздер айналадағы әлемге мейірім мен жылылық сыйлап, күш-қуат пен шабыт бересіздер.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, бақыт пен амандық тілейміз. 

Мереке құтты болсын!