14.03.2026 _ 09:00

Амал мерекесі құтты болсын!

Қазақстанда 14 наурызда Көрісу күні – Амал мерекесі атап өтіледі. Бұл – адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, ақ тілектерін арнайтын күн. Дәстүр бойынша бұл күні үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, ағайын-туыс пен жақындар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіреді. Көрісу күні ең маңызды құндылықтарды дәріптейді: жақындарымызды қадірлеу, бір-бірімізге құрмет көрсету және көктемді ақ ниетпен, таза көңілмен қарсы алу.

Әр шаңырақта әрдайым татулық, амандық пен береке болсын. Мереке құтты болсын!