15.03.2026 _ 08:00

Өзара көмек бар жерде – болашақ бар

Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Кейде біреудің өмірін өзгерту үшін көп нәрсе қажет емес – тек ең қажет сәтте көмек қолын созу жеткілікті. Өзара көмек көрсету мен мейірімділік таныту ежелден қазақ халқының мәдениетінің ажырамас бөлігі болып келеді. Қолдау көрсету, бөлісу, бейжай қарамау секілді қарапайым істер адамдар арасындағы сенім мен бірлікті нығайтып, қоғамымызды күшті етеді.