Оның айтуынша, ШЫҰ байқаушылар миссиясы жұмысын кеше бастаған.
«Астанаға келу біз үшін әрқашан қуаныш. Бұл – Қазақстандағы ШЫҰ-ның 16-шы бақылау миссиясы. Біз жұмысымызды кеше бастадық: Астана қаласы мен Ақмола облысындағы бірқатар сайлау учаскесіне барып, олардың техникалық дайындығын бағаладық. Біздің бағалауымыз бойынша, дайындық жоғары деңгейде. Бүгін біз жұмысымызды сағат 7:00-де – учаскелер ашылған сәттен бастадық. Жалпы алғанда, ұйымдастыру мен техникалық дайындық ең жоғары деңгейде деп айта аламын», – деді Олег Копылов.