15.03.2026 _ 19:30

Шетелдегі азаматтардың дауыс беруі туралы: ҚР СІМ сағат 19.00-дегі жағдай бойынша мәліметтерді ұсынды

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің хабарлауынша, референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаруда.
Фото МИД РК

Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді.

Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді.

Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады.