15.03.2026 _ 19:39

Шетелдік сарапшы жаңа Конституция бойынша референдум ұзақ мерзімді саралы саясаттың нәтижесі екенін айтты

ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафонына қатысып, пікір білдіргендердің қатарында International Tax and Investment халықаралық сарапшысы Уэсли Александр Хилл бар. Шетелдік маман 1993 жылдан бері Орталық Азия мемлекеттерінде жұмыс істеп келе жатыр. Сол себепті ол өңірдің реформалары жайлы толықтай хабардар екенін жеткізді.

«Бұл реформаны ұзақ мерзімді саралы саясаттың нәтижесі деп білемін. Себебі статистикалық тұрғыда осындай референдумдарға, сайлауларға ұйытқы болатын түрлі зерттеу жүргіземіз. Сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі қызметкерлердің жұмысын егжей-тегжейлі байқаймыз. Азаматтық қоғамның белсенділігіне, БАҚ өкілдерінің жұмысына да ерекше назар аударамыз. Біздің команда қалалар мен елді мекендерді аралап, дауыс беру учаскелерін көріп қайтты. Бақылау жұмысы аясында азаматтық қоғам ғана емес, үкіметтік, үкіметтік емес ұйым өкілдері де атсалысып, өз үлесін қосып жатқанын көрдік. Халықтың дауыс беруге қатысу деңгейіне таң қалдық. Адамдар белсенділік танытты», – деді сарапшы.