23.03.2026 _ 09:00

Тазалық – ортақ жауапкершілігіміз

Наурызнама онкүндігі аясында 23 наурыз – Тазару күні. Бұл күн табиғаттың жаңаруы мен тазалығының символы саналады.

Аталған күні еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық акциялар ұйымдастырылып, аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлық – бүгінгі өмір сапасына қосқан үлес әрі бірге қалыптастырып жатқан болашағымызға жасалған қадам.