Сондай-ақ ведомство атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру бойынша бірқатар шараны қолға алып отыр.
«Атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында өткен жылдың 1 шілдесінде «AdiletGov» мобильді қосымшасымен біріктірілген жаңа «Тараптар кабинеті» модулін іске қосылды. Атқарушылық іс жүргізу тараптары енді қабылданған және жоспарланған мәжбүрлеп орындау шараларын уақыт кестесі форматында бақылай алады. Қабылданған шараларға немесе сот орындаушысының әрекетсіздігімен келіспеген жағдайда, тараптар дереу өтініш қалдыра алады, оны сот орындаушысы 5 күн ішінде қарауға тиіс. Іске қосылған сәттен бастап атқарушылық іс жүргізу тараптарынан 12 700 өтініші келіп түсті», – деді ведомство өкілі.
Арнайы қосымшаны пайдалану ыңғайлы, нәтижесінде мүдделі тұлғалар арасында оның танымалдылығы артып келеді. Бүгінде қосымшаны пайдаланушылар саны 86 мыңнан асып отыр.
Сондай-ақ сот орындаушыларының тәртібін арттыруға және оларға бақылауды күшейтуге бағытталған «Цифрлық көмекші» енгізілді. Өткен жылдың тамыз айында талап қою мерзімі өткен құжаттар бойынша Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен жазбаларды алып тастаудың автоматтандырылған тетіктері іске қосылды. Тізілім азаматтардың жеке сұрауларын болдырмай, автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар мәжбүрлеп орындау шараларын автоматты түрде жоюдың бірінші кезеңі жүзеге асырылды.
Айта кетерлігі, ақпараттық жүйені дамыту қаржылық операциялардың ашықтығына, бақылауды күшейтуге, интеграцияларды кеңейтуге бағытталған.