Алаңда аралас қалдыққа арналған бес контейнер және сұрыптап жиналатын фракцияларға арнап тағы үш контейнер орнатылды. Қалдықты дұрыс сұрыптау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы бақылау пункті қарастырылған. Мұнда үдерісті қадағалайтын жауапты қызметкер жұмыс істейтін болады.
Жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде осындай 100-ге жуық контейнерлік алаң орнату жоспарланған. Алдағы уақытта бұл тәжірибе қала бойынша кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл өз кезегінде қалдықты бөлек жинау мен қайта өңдеудің жүйелі тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.