10.04.2026 _ 09:46

2026 жылдың І тоқсанында Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның энергетикалық жүйесі негізгі көрсеткіштердің тұрақты оң динамикасын көрсетті. Алғашқы 3 айда электр энергиясын өндіру көлемі 33,7 млрд кВт·сағ құрады, ал тұтыну 33,6 млрд кВт·сағ жетті. Осылайша, генерация профициті 100 млн кВт·сағ деңгейінде қамтамасыз етілді, бұл энергия жүйесінің теңгерімді жұмысын растайды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Ағымдағы жылы Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергияның 2,6 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарланған. Биыл 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылып, екі электр станциясын кеңейту көзделген.

Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың Ітоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.