12.04.2026 _ 08:40

Бүгін Қазақстанда ғылым жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

12 сәуір – Ғылым жұмыскерлері күні.

Бұл – елімізді алға жетелейтін жандар. Олар жаңа технологиялар әзірлеп, тың жаңалықтар ашып, озық шешімдерді енгізеді, білімді нақты нәтижеге айналдырады. Ғалымдардың еңбегі – экономика, медицина, экология және білім беру салаларындағы жаңа мүмкіндіктердің негізі.

Қазақстандық ғалымдардың әрбір ғылыми жетістігі еліміздің жарқын әрі бақуатты болашағына жасалған маңызды қадам болсын.

Мереке құтты болсын!