09.05.2026 _ 15:32

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңіс күніне орай өткен әскери шеруге барды

Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери шеруді көрді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті  Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.