10.05.2026 _ 09:00

Қазақстанда Аналар күні атап өтілуде

Мамыр айының екінші жексенбісінде елімізде Аналар күні атап өтіледі. Бұл – аналардың отбасы мен қоғамдағы баға жетпес рөлін дәріптейтін, оларға деген шексіз құрмет пен алғысымызды білдіретін ең ізгі мереке.

Ана – өмірдің бастауы, мейірім мен махаббаттың сарқылмас қайнары. Тәрбие мен парасаттың мектебі де – Ана.

Қадірлі аналар!

Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейміз. Шаңырақтарыңыздан жылулық кетпей, жүздеріңізден бақыт нұры сезілсін!