17.06.2026 _ 14:50

«Дарын» сыйлығының лауреаттары арнайы комиссия шешімімен анықталады

«Дарын» сыйлығын алуға ұсынылған үміткерлерді арнайы құрылған комиссия екi кезеңде қарайды. Комиссия уәкілетті органдардың, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, белгілі спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері қатарынан қалыптастырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а. Біржан Әлімжанов ОКҚ алаңында хабарлады.

«Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен жоғары оқу орындары әр саладағы өз қатарында үлгі болатын жастарды сыйлыққа ұсынады. Оларды танып, тек қолдау көрсету қажет», – деді спикер.

Айта кетерлігі, сыйлыққа ие болған жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы және төсбелгі беріледі.