23.06.2026 _ 09:02

Бүгін мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

Өңірлерді дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру – осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің күнделікті еңбегінің нәтижесі.

Олардың жұмысы жауапкершілікті, біліктілікті, халыққа деген жанашырлықты және азаматтардың мүддесіне сай шешім қабылдай білуді талап етеді. Бүгінде мемлекеттік қызмет – жүктелген міндеттерді тиімді орындаумен қатар, жаңа бастамаларды енгізуге және үздіксіз дамуға дайын болуды білдіреді.

Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!