12.08.2026 _ 08:56

Бүгін Халықаралық жастар күні атап өтіледі

1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 12 тамыз Халықаралық жастар күні болып белгіленді.

Жастар – елдің бүгінгі белсенді күші, жаңа идеялар мен батыл бастамалардың қозғаушысы. Бүгінде Қазақстанда 6 миллионға жуық жас бар. Мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуына, еңбекке араласуына, баспаналы болуына, кәсіп бастауына және шығармашылық әлеуетін дамытуына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазақстандық жастар волонтерлік қозғалысқа да белсенді қатысып келеді.

Жас қазақстандықтарды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймыз!