23.08.2026 _ 12:10

ҚР ОСК: сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

Астана қаласы бойынша - 35,28%

Абай облысы бойынша – 38,51%

Ақмола облысы бойынша – 39,57%

Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%

Алматы облысы бойынша – 39,05%

Атырау облысы бойынша – 35,84%

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%

Жамбыл облысы бойынша – 35,54%

Жетісу облысы бойынша – 47,29%

Қарағанды облысы бойынша – 40,56%

Қостанай облысы бойынша – 34,72%

Қызылорда облысы бойынша – 47,59%

Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%

Павлодар облысы бойынша – 35,74%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%

Түркістан облысы бойынша – 43,14%

Ұлытау облысы бойынша – 34,93%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%

Алматы қаласы бойынша – 17,87%

Шымкент қаласы бойынша – 41,60%

Жалпы еліміз бойынша сағат 12.00-де 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05%-ын құрады.