«Бүгін кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынған. Толтырылған бюллетеньдерді фото-бейне жазбаға түсіру және тарату да үгіт болып табылады. Алайда бүгінде осындай заңның бұзылу фактісі анықталды. Бұл дерек бойынша Алматы тұрғыны ҚР ӘҚБтК 102-бабымен жауапқа тартылды. Ол кінәсін мойындап, жарияланымын алып тастады. Осыған байланысты біз барлық азаматты заңды сақтауға шақырамыз», – деді спикер.