28.08.2026 _ 11:50

Балабақшаларға 1,1 млн ваучер берілді

Күшіне енген Жаңа Конституция адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп айқындады. Бүгінгі таңда елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 360 мың бала мектепалды даярлықтан өтті. 20 қалада және облыстардың 23 ауданында ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жобаны іске асыруда 1,1 млн ваучер берілді. Бұны ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Нәтижесінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың кезегі 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқартылып, бюджет қаражатының 35,3 млрд теңгесі үнемделді.

«Балалардың мамандықтар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және еңбекке тәрбиелеу мақсатында 100 балабақшада «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» ерте кәсіптік бағдарлау әдістері пилот негізінде жүзеге асырылуда», – деді спикер.

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің инфрақұрылымына да ерекше назар аударылуда. Осыған орай 128 мектепте күрделі жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар 1125 білім беру ұйымында ағымдағы жұмыстар да жүргізілді. Оның 168-і - мектепке дейінгі ұйым, 861- мектеп, 56-сы - кәсіптік-техникалық білім беру ұйымы.

Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Жоспарланған 1 409 кабинеттің бүгінде 1 007-сі, яғни 70%-ы жеткізілді. Қазіргі уақытта 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 38,2 мың оқушы орнына арналған 72 мектептің құрылысы аяқталатын болады.

5500-ден астам бейнебақылау камераларымен қамтылған. Олардың барлығы жедел басқарау орталықтарына қосылған. Жаңа оқу жылында баларды тасымалдау бағыттары, мектеп автобустарының техникалық жағдайы, өрт және терреоризмге байланыста қауіпсіз шығу жолдары қарастырылуда.