06.09.2026 _ 08:00

Бүгін мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының бірінші жексенбісінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл – еліміздің энергетикалық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосып отырған стратегиялық маңызы бар сала.

Бүгінде Қазақстан шикізатты терең өңдеуге, мұнай-газ химиясын дамытуға, мұнай өнімдерінің түрлерін кеңейтуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға басымдық беріп отыр. Мұнай-газ саласының жетістіктерінің артында күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың білімі, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі тұр.

Сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!