21.09.2026 _ 09:08

21 қыркүйекте Халықаралық бейбітшілік күні атап өтіледі

Бұл күнді 1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітіп, бүкіл адамзатты татулыққа, ынтымақтастыққа және сындарлы диалогқа үндеді. Дәл осы құндылықтар кез келген қиындықтар мен сын-қатерлерді еңсеруге, тұрақты болашақ құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін тұрақты түрде қосып келеді. Еліміз бейбіт бастамаларды ұсынып, БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысады және диалог мәдениетін ілгерілетеді.