16.03.2021 _ 17:45

Қазақстанда 47 мыңнан астам волонтер тіркеліп, 3 мыңнан астам ұйым жұмыс істеуде

Волонтерлікті дамытудағы ең маңыздысы – мемлекет пен қоғамның бірге жұмыс істеуі. Елімізде волонтерлікті дамыту мақсатында бірқатар қадамдар жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді. Оның айтуынша, «Birgemiz» волонтерлердің Республикалық Фронт-офисі және оның 17 өңірлік офисі сипатында инфрақұрылым құрылды. Бұл барлық еріктілер ұйымдары мен топтарын біріктіруге мүмкіндік берді.
фото с сайта zakon.kz



«QazVolunteer.kz бірыңғай платформасын да волонтерлік саласындағы жаңалық деп атауға болады. Бүгінгі таңда 47 мыңнан астам волонтер тіркеліп, 3 мыңнан астам ұйым жұмыс істеуде. Бұл ақпараттық ресурс саласындағы алуан түрлі жобаларға ұйытқы болды. Сондай-ақ, «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы шеңберінде «Sabaqtastyq», «Saulyq», «Taza alem», «Asyl mura», «Qamqor», «Bilim», «Umit» бағыттары бойынша волонтерліктің тұтас жүйесі қалыптастырылып, іске асырылуда. Аталған бағдарламалар 7 мыңнан астам волонтерді қамтып, волонтерлер қозғалысының айқындаушы векторы болды», - деді комитет төрағасы.


Оның мәліметінше, азаматтарға кеңес беруге 3,5 мыңнан астам волонтер, оның ішінде заңгерлер, адвокаттар, нотариустар және заң факультеттерінің студенттері қатысып, олардан 7,5 мың адам кеңес алды.