16.03.2021 _ 17:50

Мадияр Қожахмет: Халықаралық волонтерлікті дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

Бүгінде БҰҰ жүйесінде Қазақстаннан 71 волонтер қызмет етеді, оның ішінде 42 әйел және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен БҰҰЕ арасындағы әріптестік туралы Келісім шеңберінде БҰҰ-ның түрлі агенттіктеріне жіберілген 7 волонтер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен волонтерлік кеңес жұмыс істейді.
фото с сайта freepik.com


«2020 жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясында алдағы жылдардың бірі – еріктілерді жұмылдырудың Халықаралық жылы деп жариялау туралы бастама көтерді. Бүгінгі таңда жауапты министрліктер мен БҰҰЕ оны ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, даму мақсатында еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы БҰҰ-ның тиісті қарарын қабылдау мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл алдағы орта мерзімді кезеңге арналған және тұжырымдамалық қадамдарды көздейтін волонтерлікті дамытудың 2021–2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Қазіргі таңда жобаны ҚР Үкіметінің Қаулысымен қабылдау күтілуде», - деді спикер.


Айта кетейік, Волонтер жылы аясында алғаш рет «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Өткен жылы оны Қазақстан, Ресей, Қырғызстаннан келген 48 белсенді волонтер алды.