17.03.2021 _ 12:45

Азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және мықты экономиканы құру – елдің басты Жалпыұлттық басымдықтары

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Жалпыұлттық басымдықтары аясында жақын болашақта реформаларды күтетін 10 бағыт таңдалды. Жолдауда Президент ауқымды бағдарламалардан неғұрлым түсінікті, қысқа құжаттарға көшу керек екенін, онда қанша қаражат бөлінетіні, жауапты кім және қандай да бір мақсатқа қол жеткізу перспективасы айқын болады деп атап өтті. Осы өзгерістер аясында көптеген құжаттар қысқартылды. Бүгінде біз мемлекеттік органдар жаңа жүйеге көшетін жолға түстік. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жалпыұлттық басымдықтардың жаңа стратегиясын таныстыру барысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, көшу жыл соңына дейін жалғасады. Жаңа бюджеттік бағдарламаларға көшу 1 қыркүйекке қарай аяқталады. Оған дейін Үкімет үш жылдық бюджет аясында мақұлданған ұлттық жобалардың тізбесін енгізеді деп жоспарланған.
фото с сайта zakon.kz



«Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктері неде? Бұл, ең алдымен, институционалдық реформаларды жүргізу үшін қажетті жағдай жасау. Жалпыұлттық басымдықтар еліміздің дамуын пайымдаудың түйінді бағыттарын баянды етеді. Олардың саны шектеулі, яғни біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді нақты көрсететін 10 бағыт бар. Оларға сәйкес тиісті бюджет қаражатын бөлу қарастырылады. Бюджеттік лимиттер мемлекеттік органдардың басым міндеттері шеңберінде бөлінеді және қандай бағдарламаларды қаржыландыруға басымдық берілетіні және қандай бағдарламалар кейін қаржыландырылатыны анықталады. Жалпыұлттық басымдықтарды Мемлекет басшысының өзі бекітеді, ұлттық жобалардың тізбесін де Мемлекет басшысы бекітеді. Жалпы, ұлттық жобалар портфелін іске асыру жобалық басқару қағидаттарына негізделеді», - деп атап өтті стратегиялық ведомство басшысы.


Аса маңызды үш басымдық – азаматтардың әл-ауқаты, қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі мен сапалы білім беру.


«Бәріміз де мемлекетіміздің әлеуметтік ішкі жүйесінің, әсіресе пандемия кезінде қаншалықты маңызды екенін байқадық. Іс жүзінде барлық елдер денсаулық сақтауды дамыту модельдерін, денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыру сапасын қайта қарады, сондықтан денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесінің басымдығы - мемлекет айналысатын негізгі бағыт. Қазақстанның негізгі қалалары мен облыстарында жаңа медициналық орталықтардың құрылысын жүргізу бойынша салмақты жоспарлар, сондай-ақ ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша жоспарлар әзірленді. Дәл осындай басты басымдық - сапалы білім беру. 2025 жылға дейін үш ауысымды мектептер мәселесін шешу көзделген. 2030 жылға қарай екі ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Ең бастысы - барлық өңірлерде сапалы және жылдам интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Үшіншісі, әділетті әлеуметтік саясат. Біз пандемия кезінде Қазақстанда әлеуметтік қолдау бағдарламаларының қаншалықты күшті жүргізілгенін көрдік. Менің ойымша, посткеңестік кеңістіктегі бірде-бір мемлекет, 4,5 млн адамға 42 500 теңге әлеуметтік төлем төлеу сияқты маңызды көмек көрсеткен жоқ. Мемлекет басшысының Әлеуметтік кодекс әзірлеуді тапсырғаны кездейсоқ емес», - деді Келімбетов.