ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде осындай статистика келтірді. Ал картоп, сәбіз, пияз, қарақұмық, қант, сары май 10-20% қымбаттады.
Вице-министр бағаның өсуіне маусымдылық, қарақұмық түсімінің аз болуы, жыл басынан бері қант шикізатын әкелуге кедендік баж салығының енгізілуі, және ТЖ кезінде және валюта қымбаттаған кездеді дүрбелең себеп болғанын айтты.
Сонымен қатар, ТЖ аяқталған сәттен бастап әлеуметтік азық-түлік бағасы 0,2% өсті. Өңірлер бөлінісінде баға көрсеткіштері Қарағандыда 4%, Жезқазғанда 2,5%, Нұр-Сұлтанда 2% артты. Ал Алматы мен Атырауда бағалардың біраз төмендегені байқалады.
«Жаңа өнімнің түсуі, жемістер мен көкөністердің пайдасына сүт және ет өнімдеріне сұраныстың азаюы, азық-түлікті шығаруға бірқатар тыйымдар енгізу бағаның өсу қарқынының төмендеуіне әкелді. Төтенше жағдай кезеңінде шекті бағаларды белгілеумен қатар бағаны ұстаудың тиімді құралдары «айналым схемасы», «тұрақтандыру қорларын қалыптастыру», ойластырылған логистика және жеткізу тізбегін цифрландыру болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша сауда желілеріне «айналым схемасын» жеңілдетілген несиелер беруге жергілікті бюджеттерден 17,42 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тұрақтандыру қорларына 35 мың тонна азық-түлік тауарларын жинады. Онда 7 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасалды.
«Министрлік азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сәйкессіздіктерді шешуге және азық-түлік тауарларының түпкілікті бағасын төмендетуге бағытталған ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бастамасын көтерді. Бізде дискаунтер, онлайн-сауданы дамыту, «алаңнан сөреге дейін» жеткізу тізбегін цифрландыру сияқты заманауи сауда форматтарын енгізу бойынша қолданыстағы және жоспарланған іс-шаралар бар», - деді А.Асқарұлы.