07.12.2020 _ 12:05

Алматыда 2,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды

2020 жылы Алматыда 2 млн. 396 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 22 626 пәтер және 2 062 жеке тұрғын үй. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары және тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы баяндады.

«7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, ол бойынша 5 605 пәтер сатып алу мақұлданды. Президенттің тапсырмасымен «5-10-20» бағдарламасы бойынша жұмыс басталды, 1200 өтінім берілді, 200-і мақұлданды. Жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үйді пайдалануға еру аяқталды. 350 пәтер. Бұл Елбасының тапсырмасы. Сондай-ақ, Алматы әкімдігі шетте қалмай, өзінің «Алматы Жастары» атты жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қосты. Мың несие бөлінді, ҚТҚЖБ бірге – 10 млрд. теңге әкімдіктен, 3 млрд. теңге банктен бөлінді. Барлығы 894 жас алматылық пәтер алды», - деп атап өтті қала басшысы.

Анықтама үшін, бұл бағдарлама ғылым және білім беру, БАҚ, әлеуметтік қызметтер саласында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі қала тұрғындарына арналған. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна бастапқы немесе қайталама нарықтағы пәтердің жалпы құнының 10%-ын құрайды. Кредиттік шарт жылдық 5%-бен 25 жыл мерзімге ресімделеді.