22.07.2020 _ 11:30

«Анашым, маска тақтыңыз ба?»: қазақстандық еріктілер жаңа челленджін іске қосты

«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жанындағы республикалық еріктілер штабының белсенділері пандемия кезінде отандастарына қамқорлық жасаудан жалықпайды. Ұйым төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша, бірнеше сағат бұрын оның әріптестері КВИ алып келетін қауіпті ескертетін жаңа челлендж бастады.

«Қазір республикалық еріктілер штабы қатарында әр түрлі жастағы "ашық жүректі" үш мыңнан астам белсенді бар»,- деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

«Заңда кәмелетке толған адам волонтер бола алады деп жазылған. Бірақ жағдай қазір күрделі. Біз 14-15 жастағы бозбалалар мен қыздарды, 60-70 жастағы әжелер мен аталарды көріп отырмыз. Мысалы, ТЖ кезінде біздің екі ересек белсенділер, мамандық бойынша психологтар психологиялық көмек клубын жүргізді. Жұмыс ақысыз өтті. Көптеген адамдарға депрессиямен күресуге көмектесті. Ал біздің жасөспірімдеріміз әртүрлі іс - шаралар, челлендждер мен конкурстар өткізіп, балалардың бос уақытын тиімді өткізулеріне мүмкіндік берді»,- дейді Динара Сәдуақасова.

Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен еріктілер көмек көрсетті. Шымкент және Түркістан белсенділері бірігіп, жергілікті аурухана үшін 12 оттегі концентратын сатып алды.