Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты.
Өкінішке қарай, бала өлімі былтырдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 11,4% – ды құраған. Орташа республикалық көрсеткіш - 7,86%, 2019 жылдың бірінші жарты - жылдығының қорытындысы бойынша көрсеткіш деңгейі 10,3% – ға дейін төмендеді, орташа республикалық көрсеткіш - 8,3%.
"Ағымдағы жылдың 9 айында облыста 1 жасқа дейінгі 156 сәбилің өлімі тіркелген. Оның ішінде 98 бала (62,8%) Облыстық перинаталдық орталықта, қалған 54 бала басқа медициналық ұйымдарда қайтыс болған және 4 бала үйде қайтыс болған. Сәби өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңдегі жағдай, инфекциялық аурулар, туа біткен кемістіктер, жазатайым оқиғалар болып табылады", - деді Л. Бюрабекова.
Өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында байқалған. Өңірде медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы тозған, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жаңартылмаған, кадрлардың тапшылығы сақталуда деген дәйекті алға тартты Л.Бюрабекова.
Сондай-ақ, медициналық карталар мен гистологиялық материалдарды талдау тамыз айында Атырау облыстық перинаталдық орталығында санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етпеу нәтижесінде қыркүйек айында жаңа туған нәрестелерге ауруханаішілік жұқтырудың жалғасып, ауруханаішілік инфекциялардың дамығанын растады (57,7%-ы қанда бактериялар себілген). Бұл факт эпидемиологиялық тексеру нәтижелерімен расталады.