26.10.2020 _ 14:00

Б.Сұлтанов: шағын және орта өндірушілерге өз өнімін биржа арқылы сатуға мүмкіндік береміз

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында биржалық сауданы ретке келтіру туралы тапсырма берілді.

«Біріншіден, біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биржаға қатысушылардың санын ұлғайту үшін жеткізу партиясының мөлшерін 600-ден 60 тоннаға дейін төмендетеміз. Яғни, шағын және орта өндірушілерге биржа арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік береді», - деді Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, тауар биржалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және биржалық тауарларға нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз етеді.