10.09.2020 _ 13:40

Цифрландыру. Әскерге шақырылушылар әскери қызметтен жалтара алмайды

Жыл сайын қанша адам әскери қызметтен жалтарады? Нақты саны белгісіз. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысқан ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіповтің айтуынша, әскери комиссариаттар полицияның электрондық базаларын қолданады.

Енді әлеуетті әскерге шақырылушының тұрғылықты жерін ғана емес, сондай-ақ жұмыс орнында оңай анықтауға болады. Осының арқасында жастар мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтара алмайды. Ал алдағы уақытта цифрландыру мұндай әрекеттердің жалпы санын азайтады. Әзірге медициналық шақыру комиссияларының мүшелері де көмектесуде.

«Медициналық комиссияның дәрігерлері әскерге шақырылушылардың барлық объективті шағымдарын да, объективсіз шағымдарын да тексереді. Осылайша, әскери қызметке сау емес әскерге шақырылушының қабылдануы азайтылады, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты шақырудан жалтаруға жол берілмейді. Сонымен қатар, мұндай шақырылушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жақында Батыс Қазақстан облысында 2001 жылы туған әскерге шақырылушы әскери қызметтен жалтарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 337-бабына сәйкес 200 сағат бойы қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына кесілді», - деп атап өтті Бас штаб өкілі.