Елімізде арнайы құқықтық режим жұмыс істейді. Бизнес өкілдеріне де, жеке тұлғаларға да белгілі бір жауапкершілік жүктеледі, оны бұзғаны үшін жаза қолданылады. Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингті ТЖ және карантин режимдерін, сондай-ақ түрлі әкімшілік жазаларды түсіндірді.
«ТЖ режимі әрекет еткен кезде осы тәртіптегі талаптар мен шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілік ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша туындады. Бүгінгі күні азаматтар мен бизнес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама мен гигиеналық нормативтер талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Тиісті санитарлық ережелерді Денсаулық сақтау министрі ағымдағы жылдың 5 шілдесінде бекіткен. Сондай - ақ, бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларын бұзу ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды», - деп атап өтті министр.
Бұл мақалада нақты тұлғаға берілген тиісті мемлекеттік органның ұйғарымын орындамау туралы сөз болып отыр. Бас санитарлық дәрігердің қаулылары карантин режимін және тиісті жалпы шектеулерді ғана енгізеді.