16.07.2020 _ 13:35

Еңбек министрі қазақстандықтарды 42500 теңге алу жолында дүрбелең жасамауын сұрады

42500 теңге төлеуді белсенді режимде тағайындау бойынша жұмыс басталды. Өткен жолы төлем алған және қызметі шектеулі болған азаматтарға sms-хабарлама жіберілді. Мұндай жағдайда қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Тек порталда өз мәртебеңізді қадағалау қажет.

Мәжбүрлі демалыстағы және жалдамалы қызметкерлер өтінім мәртебесін enbek.kz және E-gov порталдарында бақылай алады. Жүйеде өтінімді тек жұмыс берушілер цифрлық қолтаңбамен растай алады.

«Бірден бірнеше электрондық платформаларда өтінім берудің қажеті жоқ. Бұл порталдың жұмысын қиындатады. Өткен жолы 18 млн. рет берілді. Сондықтан, екінші рет өтініш жүргізілмейді. ЖСН бойынша берілген арызыңызды бір рет беріңіз, бірақ бәрін мұқият тексеріңіз. 12 саннан картаның нөмірін емес, 16 саннан шоттың дұрыс мәліметтерін көрсетіңіз. Сіздің өтініміңіздің қабылданғанын күтіңіз және порталдағы мәртебеңізді бақылай аласыз», - деп кеңес берді салалық министрлік басшысы.

Бүгін түнде өтінімдерді қабылдау бойынша барлық порталдар сыналады, банк платформалары дайындық сатысында. Құжаттарды қабылдау уақыты 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.