09.06.2020 _ 12:50

Ерлан Тұрғымбаев азаматтық қоғамды балалар суицидімен күреске күш біріктіруге шақырды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдындағы есептік кездесу аясында азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне балалар суицидімен күресуде күш-жігерін біріктіруге шақырды.

Оның айтуынша, биылғы жылдың өзінде ғана 58 бала өз-өзіне қол жұмсаған.

«Мүмкіндікті пайдалана отырып, қоғамдық қозғалыстарды, үкіметтік емес ұйымдарды біздің өсіп келе жатқан ұрпағымызды қорғауды қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге, отбасы институтының рөлін арттыруға шақырамын», - деді министр.