25.01.2021 _ 11:55

IT-инфрақұрылымды жетілдіру ҚДБ-ға қолданыстағы жүйенің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді – С.Кенжебаева

Даму Банкі IT жүйелерді дамыту Стратегиясын бес бағытта іске асыруды жалғастыруда. Бұл инфрақұрылымды жаңғырту және жабдықты жаңарту, ҚДБ ішкі процестерін басқару жүйесін енгізу, сыртқы контрагенттермен өзара іс-қимыл процестерін басқару жүйесін енгізу, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және Банктің есепке алу жүйелерін жетілдіру.2019 жылы IT-жаңғырту бойынша іс-шаралар аяқталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚДБ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сандуғаш Кенжебаева атқарылған жұмыстардың тиімділігі туралы баяндады.

Оның айтуынша, IT-инфрақұрылымды жетілдіру ҚДБ-ға қолданыстағы жүйенің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді.

«Банктің ішкі процестерінде ЭЦҚ енгізу және қағазсыз құжат айналымына көшу банктің бизнес процестерін жеделдетуге және қызметтің негізгі түрлері бойынша комиссияларды төмендеу жағына қарай қайта қарауға мүмкіндік берді. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 2020 жылы банк қысқа мерзімде алғашқылардың бірі болып қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Пандемия кезеңінде офлайн режимде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны ең төменгі деңгейге дейін қысқартылды, тек 5-7 адам, бұл қауіпсіздік пен төлем жүйелерін пайдалануға қойылатын талаптарға байланысты болды. 2020 жылы банк ВРМ жүйесін іске қосты, ол бизнес-ұсыныстан бастап банктік сараптамаға дейінгі барлық үш кезеңде жобаларды қарау процесін автоматтандыруға мүмкіндік берді, сондай-ақ несиелеу мен кадрлық әкімшілендірудің барлық ілеспе процестері болды. Қазақстанның Даму Банкінің сайтында клиенттерге қаржыландыруға қашықтан өтінім беруге және олардың қаралу мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін жеке кабинет іске қосылды», - деді Кенжебаева.

Банк өкілі жоспарларымен де бөлісті: біріншіден, персоналды іріктеу бойынша функцияларды кеңейту, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бес бағыт бойынша жұмысты жетілдіруді жалғастыру.