06.08.2019 _ 13:27

«Jastar Otanga» инновациялық идеялар фестивалі жарияланды

«Bolashaq» Қауымдастығы Нетворкинг жән жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы мен «Jastar Otanga» инновациялық идеялар фестиваліне жариялады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу жобасының мақсаты – іс-шараларды ұйымдастыруда, мемлекеттік органдармен жұмыс жасауда тиімді ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін аймақтардағы ҮЕҰ жастарына қолдау көрсету», - деді ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

Айтуынша, жобаға 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жастары қатыса алады.

«Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауы Қазақстанның барлық аймағынан 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқау мақсаты – жастардың іскерлік белсенділігін арттыруға, жұмысқа орналасуына, өз мүмкіндігін жүзеге асыруына ықпал ету»,- деп мәлімдеді Мадияр Қожахмет.

Фестиваль Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жастарға өздері жайлы елімізге жария етуге және әртүрлі бағыттардағы идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Байқаудың ақтық кезеңі 2019 жылдың 23-24 қазан аралығында Алматы қаласында өтеді.