25.09.2020 _ 14:35

Кезекші сыныптарда коронавирустың 12 жағдайы анықталды

фото с сайта 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысының кезекші сыныптарында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 12 жағдайы анықталды. Бұл ақпаратты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

олтүстік Қазақстан облысында COVID-19 сегіз оқу орнында анықталды: Смирново ауылындағы орта мектепте, «Булаев балабақша кешені» КММ-де, №44 орта мектепте, №10 орта мектепте, «Бест» гимназиясында және Булаев орта мектебінде бір жағдай. Екі жағдай – Ленин орта мектебінде және 4 науқас «Дарын» мектеп-лицейінен анықталды», - деді Қожахметов.

Оқу орындарында эпидемияға қарсы барлық шаралар жүргізілуде. Байланыста болған адамдар 14 күнге үй карантиніне алынды.