06.07.2020 _ 10:20

Клиникалық хаттама дәрігерлік қателерді болдырмау үшін дәрігерлердің барлық іс-әрекеттерін нақтылайтын құжат

Клиникалық хаттамада жазылған инфузиялық терапияның ерекшеліктері туралы айта келе, "Астана медицина университеті" КеАҚ-ның жедел медициналық көмек, Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова бұл терапия ерітінділерді көктамыр ішіне қолдану түрінде пациенттер үшін қатаң медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалатынын атап өтті.

«Дәрігерлер өкпенің ісінуінің клиникалық белгілерін көрген жағдайда, инфузиялық препараттарға деген тәуліктік қажеттілік 30% - ға азаяды. Клиникалық хаттамада ағзаның тәуліктік қажеттілігін толтыру үшін қажетті барлық сұйықтық ауыз арқылы енгізіледі. Клиникалық хаттама дәрігердің қателіктерін болдырмау үшін дәрігерлердің барлық іс - әрекеттерін нақты белгіледі»,- деді Н.Малтабарова.

Медиктің айтуынша, инфузиялық препараттардың көлемі шектеледі. Өте сирек, тек ерекше қажет болған жағдайда ғана көктамырішілік ерітінділер қолданылады.