16.07.2020 _ 10:30

Әлеуметтік маңызды дәрілік заттарға шекті бағаны көтеру фактілерін кез-келген азамат тіркей алады

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте көтерме және бөлшек сауда үшін белгіленген шекті бағасы бар 6 478 дәрілік заттың тізбесі бекітілгенін айтып өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілінің мәліметінше, қазақстандықтар дәрілік заттардың бағасын көтеру туралы ДСМ тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (байланыс номерлері Комитеттің сайтында орналастырылған), электрондық үкімет порталы немесе «DariKz»мобильдік қосымшасы арқылы жүгіне алады.

«Мобильдік қосымша арқылы азаматтар әр препараттың шекті бағасын біліп, нақты препаратқа штрихтеу жүргізіп, шағымды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жібере алады», - деп түсіндірді Т.Сұлтанғазиев.