08.07.2020 _ 15:35

М. Такиев: экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарға 43 шара енгізілді

Барлық ағымдағы үрдістерді ескере отырып, экономикалық өсуді қалпына келтіру болжамына негіз ретінде ескі сценарий алынды. Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев осылай деді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ШОБ табыс салығынан босатылды, оларды тексеруге мораторий енгізілді. 1 қазанға дейін түрлі сала өкілдері еңбекақы төлеу қорынан салықтан босатылды, жеңілдетілген несиелеу кеңейтілді.

«Экономикалық өсуді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар қабылданды. Сонымен қатар 43 шарадан тұратын бизнесті қолдау шаралары бар. Олар кәсіпкерліктің қазіргі мәселелерін шешуге бағытталған, оның ішіне мемлекеттік сатып алу, қазақстандық құрам, ауылшаруашылық техникаларының лизингі және тауарларды экспортқа шығару кіреді. Бұдан басқа, бизнес өкілдерінің барлық ұсыныстарын жинақтап, қарастыратын арнайы комиссия жұмыс істейді», - деді вице-министр.

Айта кетейік, экономикалық өсуді 2021 жылдың басында қалпына келтіру жоспарланып отыр.