ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Бітанов, ӘМСҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов 2020 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын МӘМС дайындық жұмыстары жайлы баяндады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сол күйде қалдыратынын айтты. ТМККК пакетіне медициналық қызметтердің негізгі түрлері кіреді және 1 трлн жуық теңгеге халыққа жаппай дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Елжан Біртанов атап өткендей, денсаулық сақтау саласы қазірдің өзінде МӘМС бойынша жұмыс істеуге көшкен: барлық нормативтік база қалыптасты, медициналық сақтандыру қоры жұмыс істейді, негізгі медициналық ақпараттық жүйелер іске қосылды, медициналық қызметтердің екі пакетінің, жарналар мен аударымдардың ставкалары бекітілді, жеңілдік жасалған санаттардың тізімі кеңейтілді.
Сонымен қатар, МӘМС аясында жұрт жиі пайдалантын, сұраныс жоғары медициналық қызметтер қолжетімді болады. Айта кету керек, 2020 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 1,5 есеге артады, яғни бюджеттен 1,6 трлн теңге бөлінеді. Қаржыландыру көлемі көбейген соң, МӘМС аясында ақылы тексерулер, белгілі бір аурулар тізімі бойынша немесе жеңілдік жасалған санаттарға ғана көрсетілетін медициналық қызметтер қолжетімді болады.
"Медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық 2015 жылы басталған, қазір жаңа жүйеге әзірлік аяқталып келеді. Министрлік өңірлердің, медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне дайындығына күнделікті мониторинг жасап отыр", - деді Елжан Біртанов.
Денсаулық сақтау министрі МӘМС енгізуге дайындық жұмыстары басталғанда, бейресми жұмыспен қамтылған халықты медициналық сақтандыруға қатыстыру мәселесі өзекті болғанын еске салды. Қазір бұл реттелді. Еңбек министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2,1 млн астам адам актуалдандырылды. Енді 577 мың (немесе 3%) азаматты өзектендіру керек, олардың қатарында қайтыс болғандар немесе елден көшіп кеткендер бар.
Сондай-ақ, министр 1 сәуірге дейін еліміздегі барлық азамат шартты түрде сақтандырылады және ТМККК мен МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтерді еш кедергісіз ала алады. Осы уақыт аралығында әркім өзінің сақтандыру мәртебесін анықтап және МӘМС жүйесіне қатысып үлгеруі тиіс.
«Жүйені енгізілген соң, алғашқы кезеңде даулы жағдайлар, медицина қызметкерлері мен халық арасында түсініспеушілік болуы мүмкін. Ал медициналық ұйымдар кез келген мәселені пациенттің пайдасына қарай шешуі тиіс»,- деді еліміздің Бас дәрігері.
Денсаулық сақтау жүйесінің операциялық және инфрақұрылымдық дайындығы туралы МӘСҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов баяндады.
«2020 жылы Қор алдында бірқатар міндеттер тұр, атап айтқанда: қорды медициналық қызметтерді бірыңғай стратегиялық сатып алушы ретінде қалыптастыру; көрсетілетін медициналық көмек сапасының мониторингін және пациенттердің құқығын қорғау; сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде қызметтерді бөлек есепке алу», - деді Қор басшысы.
ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмектің түрлері бойынша бірқатар жаңа бастамаларды ескере отырып, 2020 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу жоспары жасалды. МӘМС жүйесі аясында мектеп медицинасы қаржыландырылады, консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру көлемі 6 есеге артып, 168,5 млрд.теңге бөлінеді. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 197 млрд теңге жетеді. 2020 жылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген халық саны 2 миллионнан 3,5 млн дейін артады да, амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтылғандар саны 2 есе өседі.
"Үдерісті оңтайландыру, ашықтық үшін және сыбайлас жемқорлықтан келетін қауіп-қатер мен әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында медициналық қызметтерді сатып алуды ҚР Қаржы министрлігі электрондық қаржы орталығының веб-порталы арқылы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып цифрлық форматта өткізеді", - деді Айбатыр Жұмағұлов.
Қор басшысы өз сөзінде МӘМС енгізілген алғашқы айларда сақтандырушылар мәртебесін анықтау, жұмыс берушілердің қызметкерлер үшін тұрақсыз төлем жасауы, өңірлердегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды өзектендіру сынды мәселелер болуы мүмкін деді.
Медициналық сақтандыру қоры осы тәуекелдерді тиімді шешу жоспары мен тетіктерін пысықтады. Мысалы, сақтандыру мәртебесі анықталмаса, жеңілдік жасалған санатқа кіретін әрбір адамға, медицина қызметкерлеріне арналған іс-қимыл регламенті әзірленді.
Халыққа, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер МӘМС жүйесіне тез қосылу үшін медициналық сақтандыру қорына төлем жасайтын және бірден сақтандырылған мәртебесін алу үшін медициналық ұйымдарда терминалдар орналастырылған.
Айбатыр Жұмағұлов атап өткендей, ТМККК және МӘМС пакеттеріне, төлем жасау тәсілдері мен берешекке қатысты сауалдарыңыз болса, 1406 нөмерін теріп, бірыңғай Call-орталығына хабарласыңыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлердегі филиалдарында азаматтарды қабылдау кабинеттері бар. Сондай-ақ, медициналық қызмет сапасына мониторинг және сараптама жүргізу үшін Қордың сарапшылары жұмыс істейді. Жүйе енгізілген соң, алғашқы кезеңде даулы жағдайлар, медицина қызметкерлері мен халық арасында түсініспеушілік болуы мүмкін. Ал медициналық ұйымдар кез келген мәселені пациенттің пайдасына қарай шешуі тиіс.
Жалпы, спикерлердің айтуынша, еліміз МӘМС енгізуге дайын және жаңа жүйе Қарағанды облысындағы медициналық ұйымдарда сынақтан өтті.