14.07.2020 _ 14:35

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Біржолғы төлем төлеу ережесін әзірлеуде

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында салалық ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Жұма күні азаматтар өтініш бере алады деп отырмыз. Ал дүйсенбіден бастап төлемдерді тағайындауға кірісеміз. Сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттарына белсенді түрде төлем тағайындау мүмкіндігін қарастырамыз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, еңбек министрі бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар біржолғы төлем алуға өтініш берген кезде бірыңғай жиынтық төлемді қайта төлеуге міндетті емес екенін атап өтті.