17.07.2019 _ 16:31

Денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз!

Жанар Тюлюбаева, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры

Шылым шегуге көбіне мектеп кезінен 14, 17 және 19 жаста құмарта бастайды. Көбісі никотиннің мөлшері аз деп санап иіскейтін, соратын немесе шайнайтын темекі сияқты темекі бұйымдарын тұтынудан бастайды.

Бұл ретте, мұндай заттардың құрамына темекі немесе махорка қоқымы, содан кейін басқа да толтырғыштар кіретінін ескеру қажет. Мысалы, насыбай жоғарыда аталып кеткен қоқымнан бөлек, кілей, әктас, су немесе өсімдік майынан тұрады. Қалған темекі бұйымдарында және электрондық темекілерде де тұздықтар, иістендіргіштер, дәмдік қоспалар, сондай-ақ тұздың өте көп мөлшері қамтылған. Олар ағзаға түсе отырып, ағзаны іштей көп жылдар бойы біртіндеп құрта бастайды.

Шылым шегудің зияндылығы бірден пайда болмайды, бірақ жылдар өткен соң темекі шегу қарқындылығына, тартылған темекілердің немесе тұтынған темекі бұйымдарының санына, темекі түтінін немесе аэрозоль буын жұту тереңдігі мен шылым шегу мерзіміне қарай салдары біртіндеп пайда бола бастайды.

Ғалымдар мынандай деректерді айтады: егер мыңдаған темекінің ішінен темекі қарамайын бөліп қарайтын болсақ, оның құрамында 2 миллиграммға дейін күшті канцерогенді заттың бар екендігі анықталады, бұл тышқанда немесе қоянда қатерлі ісікті тудырту үшін жеткілікті мөлшер болып табылады. Егер адамдардың күніне 40-қа жуық темекі тартатынын ескерсек, оларға мың темекіні тарту үшін 25 күн жеткілікті екен. Ал көп адамдар атап өткеніміздей, мектеп жасынан бастап бірнеше жылдар бойы темекі шегіп келеді.

Басқа мысал келтіретін болсак, бір темекіні тарту 36 сағат бойы жанданған автомагистральда болумен тең екен. Шылым шегу үдерісінде қарапайым темекілерде шамамен 200-ге жуық зиянды заттар, оның ішінде көміртек тотығы, күйе, бензопирен, құмырсқа, көгерткіш қышқылы, күшән, аммиак, күкіртті сутек, ацетилен, радиобелсенді элементтер және т.б. қамтылады.

Никотинді жеткізу жүйесіне келетін болсақ, электрондық темекілер шылым шегудің зияндылығын жеңілдетеді деген қате пікір бар. Бұл жалған ақпарат, өйткені электрондық темекілердің негізгі компоненттері никотин, пропиленгликоль, глицерин, су және иістендіргіштер болып табылады.

Никотин — обырды туғызатын, жүрек-қантамыр ауруларына әкелетін өте қауіпті уытты компонент екендігін бәріміз білеміз, ал ең бастысы — бұл никотин тәуелділігіне әкеледі. Сонымен қатар, ағзаның никотинмен улану қаупі өте жоғары. Темекіде никотин аз болса, онда оны ішке жұту жиілігі мен тереңдігі көп болады. Шылымқор ағзаны никотиннің белгілі мөлшерімен қандыруға құмартады, бұл ретте қалаған психологиялық әсерге қол жеткізеді: күш-қуаты артып, кейде тыныштандыру әсерін береді.

Глицерин, темекі қоспасының құрамында бола тұра, ағзаға бу ретінде түсіп, тамақты қышыта бастайды, теріні құрғатады, мұрын және ауыз шырышының құрғауына әкеледі. Әрі қарай бүйрек қызметінің бұзушылығымен байланысты аурулардың асқынуын туғызуы мүмкін.

Пропиленгликоль (Е1520 дәмдік қоспасы) көптеген түрлі қосымша қоспаларды – қосындылардың құрамына кіретін дәмдеуіштерді ерітуді жақсарту үшін қажет. Мұндай қосынды оның белсенді түрде сұйылтылуына байланысты шылымқордың өкпесіне түсу жылдамдығын арттырады. Тұтатқан кезде адам рецепторларына тітіркендіргіш әсер ететін классикалық шылым шегудің әсерін береді. Темекі қоспасының құрамында ол 60—80% шегінде қамтылуы мүмкін, бұл шекті рұқсат берілген концентрациядан 500-1500 есеге асып түседі және тамақ пен өкпе аллергиясын дамытып, түрлі ауруларға әкелуі мүмкін.

Темекі иістендіргіштерінде классикалық шылым шегудің әсерін барынша беретін көптеген дәмдердің үлкен ауқымы қамтылған. Бірақ көп иістендіргіштерде олардың қауіпсіздігі мен құрамын растайтын қажетті құжаттамасы жоқ. Қоспа құрамына, шылымқордың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар тәбеттің жоғалуына, ұйқының бұзылуына, эмоционалдық жағдайдың түсуіне, ағзаның иммундық жүйесінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Бронх-өкпе жүйесінің түрлі патологиясының, психологиялық, кей жағдайларда физикалық тұрғыдан (никотинді заттарды тұтынған кезде) қалыптасқан тәуелділіктің пайда болуы әбден мүмкін.

Жаңа құрылғыларға қатысты ауқымды зерттеудің болмауы, олардың зиянсыздығын дәлелдей алмайды. Өндірушілердің сатылым санын арттыруға қызығушылық танытқаны белгілі, сәйкесінше өз өнімінің жарнамасына компания үлкен қаражат жұмсайды. Осылайша, электрондық темекі гаджеттерінің зияндылығы туралы ақпарат таратылмайды, ал олардың қауіпсіздігі туралы көп және жиі айтылуда.

Алайда, Американдық азық-түліктер мен медикаменттердің сапасын бақылау басқармасы (Food and Drug Administration, USFDA) жүргізген зерттеу NJoy және Smoking Everywhere фирмасының кейбір картридждерінде нитрозамин және диэтиленгликольді анықтады.

Нитрозамин — бұл бірреттік әсерде мутагендік ықпалға ие жоғары уыттық қосынды. Диэтиленгликоль — онкологиялық ауруларды тудыратын канцероген болып табылады, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты құрған Ең қауіпті заттардың тізіміне қосылған. Бұдан бөлек, никотиннің жарияланған құрамының сәйкес келмейтіні, «никотині жоқ» деп жазылған картридждерде болуы да анықталған.

Бүгінгі таңда, картридждер де, темекілер де міндетті сертификаттауға жатпайды, яғни жосықсыз саудагерлер жасанды темекілерді шығарып, денсаулыққа зиянды темекі құрылғыларын алаңсыз сата алады.

Сәйкесінше, әрбір шылым шегуші адам денсаулығын құртатынын өзі түсінуі қажет. Темекі индустриясының жарнамасына және лоббист материалдарына негізделе отырып, ағзаны құртудың қажеті жоқ.

Салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігімен айналысу арқылы шылым шегудің орнын басып, одан бас тарта аласыз.