26.11.2020 _ 12:05

Павлодар облысының экономикасын АӨК арқылы әртараптандыру көзделген

Жалпы өңірлік өнімнің 8,8%-ы агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі. Жергілікті биліктің бағалауынша, индустриалды өңір үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Олардың пайымдауынша, бұл облыс экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов агроөнеркәсіп кешенін дамытудың үш негізгі бағыты айқындалғанын атап өтті.

«Павлодар облысында өсімнің үш негізгі нүктесі бар: суармалы егіншілікті дамыту, сүт және ет өндіру. Биыл суармалы жерлер аумағы 121 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Оң нәтижеге тоқталсақ, 52 мың га суармалы жерден 900 мың га суарылмайтын жерден бірдей өнім алынды. Айырмашылық 17 есе, яғни суармалы жерлердің көлемін одан әрі ұлғайту біз үшін ауыл шаруашылығының өсуіне серпін береді.

Биыл 7 сүт-тауар фермасы, ал алдағы үш жыл ішінде тағы 15-і іске қосылады. Бұл, біздің болжамымыз бойынша, сүттің өнеркәсіптік өндірісінің 60%-ға өсуіне алып келеді. Биылғы жылы облысқа 4,4 мың бас ІҚМ импортталады, олардың басым бөлігі етті мал. Алдағы жылы 5 мың басқа арналған ірі бордақылау алаңын іске қосу жоспарланған.

Биыл жергілікті құс фабрикасы күркетауық етінің алғашқы бөлігін шығарады. Бұл Қазақстан бойынша осындай екінші өндіріс. Жоспарда – ет өндіру көлемін жыл сайын 10% - ға арттыру», - деп түсіндірді Сқақов.