04.06.2020 _ 15:40

«StopMusor» әлеуметтік жобасы басталды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «StopMusor» әлеуметтік жобасының басталғанын хабарлады.

Жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуге бағытталған.

Жоба шеңберінде кең ауқымды түсіндіру ақпараттық кампаниясын, экологиялық акциялар мен іс-шараларды өткізу, сайт, әлеуметтік желілердегі беттер және ел тұрғындарын жаппай тарту үшін жобаның мобильді қосымшаларын іске қосу жоспарлануда. Жоба көшелерде шашылған қоқыстың қоршаған ортаға және адам денсаулығына теріс әсері туралы халықтың кең ауқымының хабардар болуына мүмкіндік береді.

«StopMusor» жобасы 2021 жылдың наурызына дейін жалғасады. Жоба аясында негізгі екпін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындарына бағытталатын болады.

«Біз елдің ірі мегаполистерінде пилоттық жобаларды іске асыруды бастаймыз. Азаматтарды әлеуметтік-жауапты өмір салтына шақыра отырып, жұртшылықтың назарын тұрмыстық қалдықтар проблемасына аудара келе, біз жобаның соңына қарай Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоқыс тастау деңгейінің төмендейтініне сенеміз», - деп атап өтті брифингте Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева.

Осы жыл аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «StopMusor» жобасын жүзеге асыруда елдің барлық эко-волонтерлерінің күш-жігерін біріктіруге ниетті. Бұл бастама мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 11 желтоқсанда Жастар жылының жабылуында сөйлеген сөзінде атап өткен "Таза әлем" бағытының ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 120 миллион тоннадан астам коммуналдық қатты қалдықтар жиналған.

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасындағы басым міндеттердің бірі 2030 жылға қарай қалдықтардың 40% - ын өңдеуге қол жеткізу, 2019 жылы ресми полигондардағы қалдықтардың тек 18,2% - ын қайта өңдеуге бағытталды.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы қоғамдық пікір көшбасшыларын, эстрада жұлдыздарын, актерлерді, қоғам белсенділерін, жастар көшбасшыларын және Қазақстанның барлық азаматтарын таза қала идеясын танымал етуге және еріктілер жылында қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға шақырады.