Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның мамандары әртүрлі елдердің вакциналарын зерттейтіндігін, дәлірек айтқанда, әріптестерінің клиникалық сынақтарын мұқият қадағалайтынын айтты. Басым клиенттер қатарында Қазақстан коронавирус вакцинасын көрші Ресейден ала алады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде еліміздің бас дәрігері айтты.
«Жеткізу күні вакцинаның клиникалық сынақтың барлық кезеңдерінен өткенін және жаппай қолдануға жіберілгендігін ресми растау пайда болғанына байланысты болады. Біздің ресейлік әріптестерімізбен алдын ала Қазақстанға бұл вакцина басым тәртіппен әкелінуі үшін сөйлескен болатынбыз. Бізде басқа да вакцина өндірушілермен алдын ала келісімдер бар. Мысалы, Қытай вакцинасы Араб Әмірліктерімен бірігіп клиникалық сынақтар жүргізуде»,- деді министр.
Ол сондай-ақ клиникалық зерттеулердің ең жоғары деңгейде және бірқатар елдерде аяқталуға жақын екенін түсіндірді. Барлығымен байланыс орнатылған. Олардың нәтижелері әлемдік қоғамға белгілі болғанда, бірінші кезекте қандай вакцинаны таңдау туралы шешім қабылданады.