26.10.2020 _ 12:40

Қазақстанның 186 экспорттаушысы 4,7 млрд теңгеге көмек алады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

«Сыртқы нарықтарға өнімді ілгерілету кезінде экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу - бұл салыстырмалы түрде жаңа шара. Бірақ сондай-ақ ең танымал және ең бастысы тиімді. Ағымдағы жылы біз ВАК-тың 14 отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 4,7 млрд теңгеге 186 экспорттаушының өтінімін мақұлдадық. 2019 жылы осы мемлекеттік қолдау шарасын жалпы сомасы шамамен 3,9 млрд теңгеге индустриялық-инновациялық қызметтің 139 субъектісі пайдаланды», - деді министр.

Шығындардың бір бөлігін қайтару экспорттаушыларға кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндірісінің көлемін 9% - ға арттыруға, экспорттық түсім көлемін 30%- ға арттыруға, бюджетке салық аударымдары жартылай өсті.

«Біздің KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының желісі бойынша 9 айдың ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 67-ден астам өндіруші - экспорттаушылар қолдау алды, оның ішінде 22 өндіруші - алғаш рет. Қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 54 млрд теңгеден асып, экспорттық түсімнің 150 млрд теңгесін құрады, - деді министр бизнес үшін қаржылық көмектің мәні туралы.