21.10.2020 _ 16:20

ҚР ДСМ: бір аптада COVID-19 сырқаттанушылықтың өсуі 14% құрады

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты. Соңғы аптада ел өңірлерінде COVID-пен сырқаттанушылықтың 14%-ға өскені байқалады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиният өңірлер бөлінісіндегі мәліметтерді жария етті.

«Соңғы аптада ел өңірлерінде COVID ауруының шамалы өсімі байқалады - 14%. Бұл ретте науқастардың 66%-ы 6 өңірде тіркелген: Нұр-Сұлтан (93), Алматы (73), Солтүстік Қазақстан (82), Шығыс Қазақстан (80), Павлодар (64) қалалары және Атырау (54) облыстары», - деді А.Ғиният.

Осыған орай, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 12 өңірдің – Нұр-Сұлтан, Алматы, СҚО, БҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдіктері күшейтілген шаралар қабылдады.